«Адам құқықтарын қорғау - Конституциялық реформаның маңызды элементі» – Алуа Жолдыбалина

«Адам құқықтарын қорғау - Конституциялық реформаның маңызды элементі» – Алуа Жолдыбалина

«Адам құқықтарын қорғау - Конституциялық реформаның маңызды элементі» – Алуа Жолдыбалина
ашық дереккөзі
Президент жанындағы  ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, Конституцияға енгізілген түзетулер адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді білдіреді деп хабарлады turkystan.kz.
«Конституциялық реформа ауқымды және «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделін жүзеге асыруға қатысты саяси мәселелерді ғана қамтымайды. Конституцияға енгізілген түзетулер адам құқықтарын қорғау тетіктерін айтарлықтай күшейтуді де білдіреді. Бұл ретте адам құқықтарын қорғаудың кепілдіктері мен тетіктері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Конституциялық сот сияқты құқық қорғау институттарының мәртебесі ең жоғары деңгейде – Конституцияда бекітіледі», - деді Алуа Жолдыбалина.
Оның айтуынша, Адам құқықтарын қорғау – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Бас прокурордың басты міндеті.
«Заңсыздыққа, заңнаманың жетілдірілмегендігіне тап болған азаматтардың өтініштері мен шағымдары негізінде олар заңдардың, заңға тәуелді актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішпен тікелей Конституциялық сотқа жүгінетін болады», - деді ҚСЗИ директорының орынбасары.