«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» екі актілі балетінің тұсаукесері өтті

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» екі актілі балетінің тұсаукесері өтті

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» екі актілі балетінің тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
14-15 мамыр күндері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының рухани байыту орнына айналған  «Almaty theatre» көпфункционалды мәдени кеңістігінде мазмұны ХІІІ-XIV ғасырлардағы қазақ лиро-эпостық жырының желісінде құрылған  және ұлы махаббат сезімін жырлайтын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» екі актілі балетінің тұсаукесері өтті деп хабарлады turkystan.kz.   Бұл әйгілі халық эпосы бүгінгі күнге дейін түрлі форматтар мен жанрларда қойылған. Әйтсе де кештегі кейбір музыкалық бағыттардың өзара үйлесім табуы концерттік залда отырған көрермендердің рухын көтеріп, оларды сиқырымен баурап, тамсандырмай қоймады. Музыкалық толқындар мен дене қимылдарының тоғысуы көрермендер қиялында ұмытылмас көрініс тудырып, қойылым кейіпкерлерінің эмоцияларын бірге сезінуге мәжбүрледі. Қойылым көшпелі мәдениеттің бояуларын қайта жаңғыртып, көнетүркілік космогониядан алынған реминисценцияларға қанық. Балеттің көркемдік бейнесіне көнетүркілік мифология негіз болған.  width= Жаңа балет эпикалық сюжетті көркем бейнелеудің заманауи тілімен ерекшеленеді: авторлар оны кереғарлықтардың көп қырын және көркемдік сипатты нақтырақ бейнелеу мақсатында трансформациялайды. Қойылым жас, әрі жарқын қойылымдарымен ерекшеленіп жүрген «Астана Балет» театры ұжымымен іске асуда. Қойылымның көркемдік жетекшісі Әсел Құрманбаева қазақстандық балеттің заманауи репертуарының тапшылығын ескере отырып, өте батыл эксперименталды қадамдарға барды. Жаңа ұлттық балеттегі көрнекі сценография классикалық, халық және заманауи билердің жарқын музыкалық бейнелерімен өзара үйлесім тапқан. Жас, әрі шығармашылық еркіндікті сезінген, балеттік академизмнің қағидаттарымен шектелмеген бұл ұжым қазақ өнерін дамытудың жаңа жолдарын табу және іс-тәжірибелер үшін мейлінше қолайлы болып табылады.  width= Балет қоюшы балетмейстер, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан Республикасының Халық әртісі Георгий Анатольевич Ковтун мен әйгілі қазақстандық композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың және Украина мен Ресейдің суретшілер мен балетмейстерлердің халықаралық қойылым тобымен бірлескен шығармашылық ынтымақтастығының жемісі. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің ең басты ерекшілігі - композитор Ақтоты Райымқұлованың пайдаланған айрықша шығармашылық әдісі, яғни, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі ұжымдары орындаған еуропалық оркестр мен қазақ ұлттық аспаптары ансамблінің үйлесім табуы. Нақтырақ айтқанда, Ақтоты Рахметоллақызы өзінің алғашқы шығармаларында қазақ музыкалық өнер тарихында алғашқылардың бірі ретінде заманауи оркестр құралдарын пайдалану арқылы этникалық архаиканы қайта қарастыра отырып, бай қолданысқа енгізгенін атап айта кеткен жөн. Бүгінгі күні заманауи қазақ балеті тек симфониялық оркестрдің құралдарымен шектеліп қана қоймайды. Осы орайда, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балеті симфониялық, камералық және этникалық музыка жанрларының түрлі шығармаларда жинақталған, композитордың іске асырылған тәжірибесі, көркем шығармашылығының шарықтау шыңы болып табылады. Заманауи композициялық әдістер музыкаға кедергі жасамай, керісінше, оны кинематографиялық саунтрекке айналдырады.  width= Қойылым көркемдік жағынан да ерекше назар аударуға тұрарлық: сахна көркемдігі мен сахна киімдері. Суретші Анна Ипатьеваның қолынан шыққан сахна киімдері Лев Бакст пен Гульфайрус Исмаилованың модернистік бояуының озық дәстүрлерін қамтиды – дәл осылай кең аудиторияның классикалық өнерден күтетін нәтижелерін айқындайды. Сахнада артық машинерия жоқ, алайда видеосуретші Дмитрий Шамовтың сахналық кеңістікке жанды сипат беретін көпқырлы мультимедиялық аясы  ерекше заманауи сипат береді. Декорацияның барлық элементтері сахналар мен бейнелердің шегін анықтайтын қозғалмалы және трансформер сахна функциясын атқарады. Қойылым көркемдік жұмыстарының халықаралық командасын басқаратын суретші және сахна қоюшы Дмитрий Шамов. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің соңында талғампаз Алматы жұртшылығы балет музыкасын, әртістер мен музыканттардың шеберлігін ұлттық колоритті бейнелеп тұрған декорациялардың әсемдігін жылы қошеметпен қарсы алып, ыстық лебіздерін білдіргендігі, сахнадағы әрбір әртістің бойындағы сенімділігін арттырып, музыка шыңында жаңа белестер мен әлемдік жеңістерге жетелері сөзсіз.