Үш айда елімізден 5 мыңнан астам адам көшіп кетті

Үш айда елімізден 5 мыңнан астам адам көшіп кетті

Үш айда елімізден 5 мыңнан астам адам көшіп кетті
ашық дереккөзі
Ұлттық статистика бюросы қаңтар-наурыздағы демографиялық ахуал жөнінде мәлімет таратты. 1 сәуірге дейін еліміздегі халық саны 19 178,8 мың адамды құрады деп хабарлады turkystan.kz. Оның ішінде қалалықтар – 11 419,8 мың (59,5%), ауылдықтар – 7 759 мың адам (40,5%).
«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 4 108 адамды, елімізден кеткендердің саны - 5 281 адамды, көші-қонның айырымы – 1 173 адамды құрады», - делінген хабарламада.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі - 86% және 80,8%.
«Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (7 523 адам), Алматы (8 278 адам) және Шымкент (866 адам) қалаларында», - делінген хабарламада.