Министр ақылы жолдардың бағасына қатысты түсініктеме берді

Министр ақылы жолдардың бағасына қатысты түсініктеме берді

Министр ақылы жолдардың бағасына қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ақылы жолдардағы баға көтерілмейтінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жолдарды күтіп ұстау, салу және қайта жаңарту – өте күрделі жұмыс. Біз салған нәрсені күтіп ұстауымыз керек. Сондықтан жолдар ақылы болып жатыр. Ақша соған жұмсалады», - деді Өскенбаев Үкімет отырысында.
Бұл ретте министр сапасы нашар жолдарға алым енгізілмейтінін атап өтті.
«Стандартқа сай келмейтін жолдарға ешкім ақша талап етпейді. Ең қызығы, жүк көлігі жүргізушілері осы жолдармен жүреді. Бірнеше жыл бұрын бағаны көтеру мәселесі сөз болғанымен, жолдардың сапасы талапқа сай келмейтіндіктен, мәселе алынып тасталды. Ал жолдың бағасын көтеру жайы айтылып жатқан жоқ», - деді министр.