Ермегияевтің 4 көлігі мемлекеттік органдарға беріледі

Ермегияевтің 4 көлігі мемлекеттік органдарға беріледі

Ермегияевтің 4 көлігі мемлекеттік органдарға беріледі
ашық дереккөзі

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының жемқорлықпен ұсталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің көліктері мемлекеттік органдарға өтпек. Қазір қамауда отырған Ермегияевтің меншігі сот шешімімен тұтқынға қойылған деп хабарлайды 31 арна.

Lexus LX 570, Mercedes-Benz 500S, Toyota Land Cruiser 200 және тағы бір Lexus LX 570 маркалы көліктеріне иелік ету үшін мемлекеттік органдардан өтініштер қабылданып жатыр. Апта соңына дейін ешбір құзырлы мекеме көліктерге қызығушылық білдірмесе, төрт темір тұлпар gosreestr.kz. сайтында электронды саудаға түсетін болады. Бұдан бөлек Ермегияевтің Алматыдағы пәтері, Алматы және Астанадағы жер телімдері, бірнеше банктегі қаражаты тұтқынға қойылған.