Теріс діни ағымды насихаттаған өскемендікке айыппұл салынды

Теріс діни ағымды насихаттаған өскемендікке айыппұл салынды

Теріс діни ағымды насихаттаған өскемендікке айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Өскемен қаласында теріс діни ағымның кітаптарын таратқан 32 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Оның үйін тінту барысында «Салафия» атты деструктивті діни бағыттағы 17 кітап пен 8 диск табылған. Тәркіленген заттар облыстық Дін істері басқармасының мамандарына сараптама жүргізуге жіберілді», - деді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызмет.
Өскемен қаласының әкімшілік соты ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi ҚР аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша жауапқа тартқан. Осы баптың санкциясына сәйкес оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.