Лукашенко Тоқаевты құттықтады

17 мамыр, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Лукашенко Тоқаевты құттықтады Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Беларусь президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Сіздің жасампаз және жан-жақты қызметіңіз, белсенді өмірлік ұстанымыңыз және бай басқарушылық тәжірибеңіз қуатты және гүлденген Қазақстанды құруға, оның тұрғындарының әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған» деп жазылған құттықтауда.
Сондай-ақ ол Минск пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың тереңдей беретініне сенім артатынын атап өтті. Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бейбітшілік және оның барлық жоспарларының орындалуын тіледі.