Жаңалықтар

Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

ашық дереккөзі

Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз полиция бекетіне өзі келген деп хабарлады turkystan.kz. 17 мамырда сағат 7:15 шамасында 6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Бағлан Әділбеков Ақтау полиция бекінісіне өзі келген. «Қатардағы жауынгер Әділбеков Б.Б. ата-анасымен кездесті. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр» деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің өкілдері. Еске салсақ, бұған дейін 18 жастағы әскер қатарына шақырылған сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні кешкі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан шығып, жоғалып кеткен болатын.