«Алтын белгі» үміткері ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады – министр

«Алтын белгі» үміткері ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады – министр

«Алтын белгі» үміткері ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады – министр
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше, ҰБТ-да нашар нәтиже көрсеткен «Алтын белгіге» үміткер оқушы білім алған мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы да мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
«Биыл «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске Ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер «Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз. «Алтын белгіге» үміткерлердің ҰБТ-да тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда», –  деді Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат жиынында.
Министр Білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына аталған мәселені назарға алуды ескертті.
«Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Осы мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет жағдайда жұмыстан шығару әрекетіне дейін барамыз. Соған дайын болыңыздар», – дейді ол.
Айта кетсек, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ерекше қажеттілігі бар мектеп түлектеріне қосымша 40 минут уақыт беріледі.