«Сергек» камералары 4 айда 552,8 млн теңгенің айыппұлын тіркеген

«Сергек» камералары 4 айда 552,8 млн теңгенің айыппұлын тіркеген

«Сергек» камералары 4 айда 552,8 млн теңгенің айыппұлын тіркеген
ашық дереккөзі
Елордадағы «Сергек» камералары 4 айда 552,8 млн теңгенің айыппұлын тіркеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Уваев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жыл басынан бері елорда көшелерінде 162 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 175 адам жарақат алып, 3 адам қайтыс болды. Жылдың 4 айында жол қауіпсіздігі желісі жүргізушілер тарапынан жол ережесін бұзудың 31 мың 070 фактісін тіркеді. Оның ішінде мас болып көлік басқару – 430, жаяу жүргінші жол бермеу – 428, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу – 1502, қарсы жолаққа шығу – 83, апатты жағдай туындату – 392, аялдама және тұрақ ережелерін бұзу – 2083, жол белгілерін елемеу – 3729, көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отыру – 486, әкімшілік қамауға алынғандар – 397», - деді басқарма басшысының орынбасары брифингіде.
Оның айтуынша, қала көшелеріне орнатылған 6000-нан астам «Сергек» камерасы арқылы 552 млн 834 мың теңгенің 56 724 айыппұлы тіркелген. Оның 40 381-і жылдамдықты асырғаны үшін тағайындалған.