Мектепте төбелескен шымкенттік қыздардың бірі пышақталды
Мектепте төбелескен шымкенттік қыздардың бірі пышақталды
Шымкентте қаласындағы мектептердің бірінде оқушы қыздар жаппай төбелесті, деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. Төбелес салдарынан 2001 жылы туған қыз пышақ жарақатын алып ауруханаға түскен.
Оқиға 5-ші желтоқсан күні сағат кешкі 18-00 шамасында болған. Тергеу тобы анықтағандай олар 1998-2002 жылғы жас аралығындағы жасөспірімдер. Анықталғандай, олар интернетте өзара хат жазысып, сөзге келісіп қалады. Мұнан соң жастар белгіленген жерге кездесу ұйымдастырып, соңы төбелеске ұласқан. Бір-біріне жұдырық ала жүгірген қыздардың бірі екінші және үшінші қол саусақтарының зақымдалған сіңірі мен кесілген жарасы диганозымен ауруханаға жеткізілген.