Желіде өздерін «қазақ бандасымыз» деп таныстырған сарбаздардың видеосы тарады

Желіде өздерін «қазақ бандасымыз» деп таныстырған сарбаздардың видеосы тарады

Желіде өздерін «қазақ бандасымыз» деп таныстырған сарбаздардың видеосы тарады
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде өздерін «қазақ бандасымыз» деп таныстырған түрлері қазақтарға ұқсайтын азаматтардың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz. Видеоны журналист Гүлнұр Баженова Telegram желісіндегі парақшасында жариялады. Видеодан соғысқа бара жатқан азаматтардың бірі «қазақ бандасы» деп айтқанын көруге болады. Дегенмен жігіттердің бірінің бас киімінен Ресейдің туын байқауға болады. Сондай-ақ видеоның Ресейде немесе Украинада түсірілгені беймәлім.

 «Қазақ бандасы соғысқа бара жатыр. Ресейдегі қазақ бандасы болар?! Қазақстандықтар ашықтан-ашық бұлай бармас еді, оларды елде түрме күтіп тұрар еді», - деп жазды журналист Гүлнар Баженова.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери жағдайларға қатысқандарға қылмыстық жауапкершілік бар.