«Осымен бітті»: жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық жігіт өлі табылды

«Осымен бітті»: жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық жігіт өлі табылды

«Осымен бітті»: жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық жігіт өлі табылды
ашық дереккөзі
Жігітті іздеу екі аптадан астам уақытқа созылды деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы «VITA» еріктілері мәлімдеді.
«27 сәуірге қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 30 жастағы Дархан Байток өлі  табылды. Осымен бітті. Өкінішке орай, біз қорыққан дүние орын алды» деп жазды «VITA» жасағының іздеушілері Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетсек, еріктілер жас жігітті бірінші күннен бастап іздеуге кірісті. Осы уақыт ішінде олар Дарханның туыстарын қолдады. Естеріңізге сала кетсек, 30 сәуірге қараған түні Дархан Баток достарымен бірге Қарасұқ ауылынан бір шақырым жерде орналасқан шағын үйде демалған. Түнгі сағат үште жігіт белгісіз бағытта кеткені туралы хабарланды. Іздеушілерге  достары Дарханның үйге бара жатқанын айтқанымен ол үйіне оралмағанын айтты. Дархан туралы ақпарат үшін оның отбасы миллион теңге көлемінде сыйақы ұсынып, кейін бес миллионға дейін көтерді.