Каспий теңізіне үш адам батып кетті

Каспий теңізіне үш адам батып кетті

Каспий теңізіне үш адам батып кетті
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында үш адам суға батты деп хабарлады облыстық turkystan.kz ТЖД азаматтық қорғау басқармасына сілтеме жасап.

Кеше сағат 17:40 шамасында құтқару қызметіне куәгерлер хабарласып, Ақтау қаласының 4-мөлтекауданындағы шомылуға рұқсат етілмеген жерде төрт адамның Каспий теңізіне батып бара жатқанын жеткізген.

Оның біреуі өз күшімен судан шығып үлгерген. Қалған үш адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған.

«Құтқару жұмысына қолайсыз ауа райы кедергі болды. Күшті желден теңіз бетінде үлкен толқындар көтерілді. Сондықтан қазір іздеу жұмысы тек теңіз жағалауында жүргізіліп жатыр», - деді азаматтық қорғау басқармасының бастығы Саят Батталов.