Елбасы Ресей Мемлекеттік думасының төрағасымен кездесті

Елбасы Ресей Мемлекеттік думасының төрағасымен кездесті

Елбасы Ресей Мемлекеттік думасының төрағасымен кездесті
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасымен кездесті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті", - деп жазды Ақорда Twitter желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, осыған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығаматулин да Вячеслав Володинмен кездескен болатын. Екі тарап парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Вячеслав Володин ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.