Жаңалықтар

Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысып жатыр

ашық дереккөзі

Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысып жатыр

Мәскеуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Кремльге келді», - делінген хабарламада. Еске салайық, 15 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барған болатын.