«Кім ойлаған?»: желіде Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы тарады
«Кім ойлаған?»: желіде Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы тарады
Белгілі тележүргізуші Рахман Омардың айтуынша, театр және кино актері Сағат Жылгелдиевтің жүрегі тойда билеп жүрген жерінде тоқтап қалған. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Е,е,е…Жалған дүние-ай… Кім ойлаған? Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?! Жүрегім езіліп отыр… Дел-сал күйдемін…Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Жасы біраз бізден үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді… Қайран ағам-ау, қайтейін?! Әй, Сағат! - деп құрдасымдай ойнаушы ем… Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау… Көз алдымызда кетіп қалдың-ау… Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау…Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео», – деп жазды Рахман Омар.