Елімізде көк түсті жолақтар пайда болады

Елімізде көк түсті жолақтар пайда болады

Елімізде көк түсті жолақтар пайда болады
ашық дереккөзі
Қазақстанда алғаш рет көк түсті жол сызықтары пайда болады деп хабарлады turkystan.kz «Астана тұрақ кеңістігіне» сілтеме жасап. Пилоттық жоба әзірге елордадағы Нұржол бульварында іске қосылды. Жаңа жолақ түсі жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін қарастырылған. Көк жолақ жүргізушілерге ақылы тұрақ кеңістігінің шекараларын жақсырақ және жылдам анықтауға көмектеседі.
«Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуы керек. Егер бұл жаңалықты қала билігі мақұлдаса, болашақта елорданың барлық ақылы тұрақ аймақтары көк жолақпен бөлінетін болады» деп жазды «Астана тұрақ кеңістігі» Facebook желісінде.
Ережеге сәйкес, төлем алғашқы 30 минутта жасалуы керек. Жұмыс күндері ақылы тұрақтар 8:00-20:00 аралығында қолжетімді болады. Демалыс және мереке күндері тұрақтарды қолдану тегін.