Мақсаты - отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және кеңінен насихаттау.
Конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші – аудандық, қалалық кезең, екінші – облыстық кезең. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық, қалалық комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет. Конкурсты ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыруда.