Жаңалықтар

«Әр азамат референдумда қандай өзгерістер үшін дауыс беретінін түсіну керек» - депутат

ашық дереккөзі

«Әр азамат референдумда қандай өзгерістер үшін дауыс беретінін түсіну керек» - депутат

Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасына орай, өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясының мүшесі Ғани Ташқараев осы жолғы өзгерістердің ауқымы өте кең екеніне тоқталды. Депутаттың айтуынша, Конституцияға енгізілетін түзетулер билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге көмектеседі. «Алдағы референдумда 43-баптың 3-тармағында Мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарға орналасуына тыйым салу ұсынылып отыр», – деді депутат. Сонымен қатар жиын барысында қаладағы бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Соның ішінде, оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғындар мектептің алдына жылдамдық қадағалайтын бейне бақылау камераларын орнатуды сұрады.