571 мыңнан астам адам АӘК алды

571 мыңнан астам адам АӘК алды

571 мыңнан астам адам АӘК алды
ашық дереккөзі
Биыл 1 мамырда 111,4 мың отбасындағы 571,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Бұл үшін бюджеттен 84,7 млрд теңге бөлінді деп хабарлады turkystan.kz. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылғы 1 мамырда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 144,6 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды. Еске сала кетсек, биыл қаңтар айындағы ТЖ режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушыларға Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді. Қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.