Театр және кино актері Сағат Жылгелдиев қайтыс болды

Бұл туралы turkystan.kz Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Театрымыздың актері, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бақұл болыңыз, аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды», – делінген хабарламада.

Сағат Ермағамбетұлы Жылгелдиев – 1954 жылдың 12 желтоқсанында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері. Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. Ол еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында бастады. 1997 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері болды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button