Әзербайжан елімізге жылқы етін экспорттамақшы

Әзербайжан елімізге жылқы етін экспорттамақшы

Әзербайжан елімізге жылқы етін экспорттамақшы
ашық дереккөзі
Әзербайжан жылқы етін Қазақстанға экспорттамақшы. Бұл туралы Әзербайжанның ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Сейфаддин Талыбов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биылдан бастап Әзербайжан жануар тектес дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға кірісті. Біз Молдовамен келісімге қол қойдық, бірақ экспортымыздың басты бағыты Қазақстан болады. Бұл мәселе халықаралық құқық комиссиясының отырысында талқыланып, қазақстандық тараппен нақты қадамдарды іске асыру басталды», — деді С. Талыбов.