Аулада аңшы мылтығымен жүрген ер адам тұрғындардың зәресін алды (ВИДЕО)

Аулада аңшы мылтығымен жүрген ер адам тұрғындардың зәресін алды (ВИДЕО)

Аулада аңшы мылтығымен жүрген ер адам тұрғындардың зәресін алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінде шолақ мылтықпен аулада жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Оны полиция қамауға алды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Шолақ мылтықпен серуендеп жүрген ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрларда тұрғындар қорқып кіреберіске жүгіргені, артынан шолақ мылтық ұстаған ер адам келе жатқаны көрсетілген. Тағы бір видеода белгісіз біреу жерде жатқан оқты алып, қаруды оқтап, кейін баспалдақпен көтеріліп, сыртқы есікті екі рет теуіп, үйге кіргенін көруге болады. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған ер адам 33 жаста екенін хабарлады.
«Ер адамнан бір ұңғылы аңшылық мылтық пен 16 калибрлі 2 патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша процестік шешім шығарылады. Полиция тексеру жүргізіп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Полиция хабарына қарағанда, ұсталған адам мас болған, ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналасқан.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Новости Павлодара и Казахстана (@pavlodar_city_life)