Түркістан облысында көшелер мен үйлерді су басты

Түркістан облысында көшелер мен үйлерді су басты

Түркістан облысында көшелер мен үйлерді су басты
ашық дереккөзі
Қазығұрт ауданында жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді, аула аумақтарын су басты деп хабарлады turkystan.kz. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су баспас үшін ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмыстарымен шұғылданып жатыр. 2022 жылғы 14 мамыр күні Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 11 көшесіне, атап айтқанда, 20 жеке тұрғын үйге, 67 шаруашылық ғимаратқа, 62 аула ішіне су кірген. Су жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері, 7 техника, 7 мотопомпа, жергілікті атқарушы органнан 32 жұмысшы, 3 техника, 3 мотопомпа жұмылдырылған. Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.