Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Қазақстандық телеарналар Әзірбайжанда хабар таратуы мүмкін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркия Республикасына іс-сапары барысында Әзірбайжан Республикасы президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Хикмет Гаджиев бастаған Әзірбайжан БАҚ саласының өкілдерімен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде «Balapan», «Kazakh tv», «Хабар24» телеарналарын Әзірбайжан аумағында көрсету ұсынылды.

Министр қазақстандық нишалық телеарналардың Әзірбайжан аумағында хабар таратуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданатынын айтып, әзірбайжандық мамандарды Орталық Азиядағы ең ірі медиашара – Astana Media Week апталығына  шақырды.

Әзірбайжан тарапы Қазақстанның БАҚ саласындағы, оның ішінде анимация өндірудегі тәжірибесіне қызығушылық танытып, шараға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button