Сәрсенбі, 7 Маусым, 2023

Шымкенттегі абақтының 17 қызметкері жазаланды

Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысының 17 қызметкері өз міндеттерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара жуырда абақтыдан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Аталған департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қызметкерден бөлек, аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылды.

«Шымкент қаласының Полиция департаменті аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ал Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды», – делінген департаменттің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button