«Алтын доп» иегері анықталды

«Алтын доп» иегері анықталды

«Алтын доп» иегері анықталды
ашық дереккөзі
Португалия ұлттық құрамасының және «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 2016 жылғы «Алтын доп» жүлдесінің иегері атанды. Биыл бұл сыйлықтың жеңімпазын France football басылымы 30 журналистің қатысуымен анықтады. Салтанатты кешке Криштиану Роналду қатыса алмады. Қазір ол Жапонияда «Реалмен» клубтар арасындағы әлем чемпионатына дайындық үстінде. 2016 жылы ол Мадридтің «Реалымен» Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын, сондай-ақ Португалия ұлттық құрамасымен Еуропа чемпионатын жеңіп алды. Сонымен қатар, 54 матч өткізіп, 51 голдың және 18 нәтижелі пастың авторы атанды. Айта кетейік, португал ойыншысы «Алтын доп» жүлдесіне осымен төртінші мәрте қол жеткізіп отыр. Бұған дейін бұл биіктен 2008, 2013 және 2014 жылдары көрінген еді.