Қызылордалық кәсіпкер Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына 1 млн теңге сыйлады

Қызылордалық кәсіпкер Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына 1 млн теңге сыйлады

Қызылордалық кәсіпкер Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына 1 млн теңге сыйлады
ашық дереккөзі
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен 3 жасар қызды құтқарып алған Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына облыс басшылығы құрмет көрсетті деп хабарлады turkystan.kz. Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылында тұратын Сәбиттің әкесі Серік Шонтақбаев пен анасы Гүлбаршын Пірімбетоваға аудан әкімі Асқарбек Есжанов ризашылық білдіріп, өңір басшысының Алғыс хатын табыстады.
«Оқыс оқиғаның алдын алып, 3 жасар бүлдіршінді аман сақтап қалуы - нағыз батырлық пен батылдықтың шынайы үлгісі. Сәбиттің бұл әрекеті Сыр жұртшылығының ғана емес, еліміздің барлық азаматтарының жүрегіне әсер етті. Осындай ержүрек, елжанды ұл өсіріп, тәлім-тәрбие бергендеріңізге Алғысымды жеткіземін», - деп жазылған Алғыс хат мәтінінде.
Сондай-ақ, облыс әкімінің атынан сый-сияпат көрсетіліп, теледидар тарту етілді. Ал, ауыл шаруашылығымен айналысатын жергілікті кәсіпкер ержүрек азаматтың ата-анасына 1 млн теңге қаржылай сыйақы табыс етті. Еске салсақ, бұдан бұрын Сәбит Шонтақбаевтың әйелі «Ерлік жасауға ешкім дайындалмайды» деп ой білдірген еді.