Германия радиосы Димаш Құдайбергенге бағдарлама арнады

Германия радиосы Димаш Құдайбергенге бағдарлама арнады

Германия радиосы Димаш Құдайбергенге бағдарлама арнады
ашық дереккөзі
8 мамырда Moviedance неміс радиосының эфирінде Димаштың әндері алғаш рет шырқалды. Радио жүргізушісі қазақстандық орындаушының шығармашылығымен қалай танысқанын және оған бағдарлама арнағаны туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz dimashnews-ке сілтеме жасап. Неміс радио жүргізушісі Флориан Гроголл – өзінің Moviedance радиостанциясын екі жылға жуық басқарған кәсіби диджей. Бастапқыда оның радиосында фильмдерден және би музыкасынан танымал саундтректер айтылатын. Алайда аудиториядан жақсы жауап алып, Флориан өзінің радиобағдарламасын арнайы тақырыптық сағаттармен түрлендірген. Олардың бірі Димашқа және оның музкасына, туған елі Қазақстанға арналған. Оның айтуынша, Димаштың әндерін радиода тарату идеясы Фейсбуктегі неміс әртіс фан-клубына тап болған кезде келген.
«Димаштың жанкүйерлері өте көп екенін біліп, мен оны неге біздің радиостанцияларымызда естімейміз деп ойладым», - деді ол.
Ол Dimash Fanclub Deutschland фан-клубымен сауалнама жүргізіп, қазақстандық әртіске арналған өзінің алғашқы бағдарламасына бірнеше әнді таңдаған. Эфир «Dimash & Igor Special» атауымен өтті. Оған Игорь Крутоймен бірге жазылған Димаштың әндері, сондай-ақ қазақ тіліндегі «Samaltau», «Daididau», «Umytylmas kun» және «Mahabbat ber magan» бірнеше композициясы кірді.