БАӘ президенті қайтыс болды

БАӘ президенті қайтыс болды

БАӘ президенті қайтыс болды
ашық дереккөзі
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян 73 жасында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

БАӘ мемлекеттік WAM ақпараттық агенттігінің мәліметінше, мемлекет басшысы ұзаққа созылған сырқатынан қайтыс болған.

БАӘ министрлігі елде дереу 40 күндік қаралы күн басталатынын, тулар жартылай ілінетінін хабарлады. Федералдық және жергілікті деңгейдегі министрліктер мен ведомстволардағы, сондай-ақ жеке сектордағы жұмыстар үш күнге тоқтатылады.