Ресейлік Кристина Кудайбергенова Димаштың тегін алды

Ресейлік Кристина Кудайбергенова Димаштың тегін алды

Ресейлік Кристина Кудайбергенова Димаштың тегін алды
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің ресейлік жанкүйері Кристина Алексеенко өз тегін Кудайбергенова деп өзгерткен. Ол сүйікті әртісіне деген алғысын осылай жеткізгісі келген деп хабарлады turkystan.kz.
«Ресми түрде Кудайбергенова. Өзіме сондай ұнайды. Бұл фамилиямен есімім де күштірек естіле бастады. 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Димаштың шығармашылығымен таныстым. Ди алғашқы секундтардан бастап менің жүрегімді жаулап алды. Сол кездің өзінде «Құдайберген(-ов) деген сөздің өзі әдемі естілді. Кейде оның фамилиясын өзімдікіне қойып жүрдім. Бірақ, оны шынайы деп қабылдамадым, тек әзіл үшін», - деді Кристина.
Наурыз айында Кристина құрбысымен сөйлесіп отырып осы тақырыпты қозғаған.
«Кудайбергенова Кристина Николаевна. Дегенмен әдемі естіледі. Құрбым: «Барлығы өз қолыңда», - деп жазды. Кейін тегімді ауыстырамын деп шештім», - дейді әйел.
Кристина Кудайбергенова Кристина Кудайбергенова