CNN телеарнасы Ресей әскерінің бейбіт тұрғындарды өлтірген видеосын жариялады
CNN телеарнасы Ресей әскерінің бейбіт тұрғындарды өлтірген видеосын жариялады
CNN Ресей әскери күштерінің Киев маңында екі бейбіт тұрғынды өлтірген сәті түсіп қалған кадрларды көрсетті деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бақылау камерасынан алынған кадр 16 наурызда түсірілген. Онда бір топ ресейлік сарбаздардың тоқтап, жергілікті автомобиль сауда компаниясының иесі мен фирманың 68 жастағы күзетшісі Леонид Пляцты іздегенін көруге болады.
Бұдан соң Ресей әскері тінту жасап, компанияның иесі мен күзетшісін артынан оқ жаудырып, өлтіреді. Леонид Пляцтің бірден қайтыс болмағанын байқауға болады: Кадрларда оның өзінің күзет орнына көтеріліп, жетуге тырысқаны көрінеді. Бірақ жанына келгенде құлап түседі. Оның көп қан жоғалтудан қаза тапқаны белгілі болды.