Brent мұнайының бағасы соңғы 1,5 жылдағы ең жоғары бағаға көтерілді

Brent мұнайының бағасы соңғы 1,5 жылдағы ең жоғары бағаға көтерілді

Brent мұнайының бағасы соңғы 1,5 жылдағы ең жоғары бағаға көтерілді
ашық дереккөзі
Brent маркалы мұнайының фьючерстер құны 2015 жылдың 21 шілдесінен бері алғаш рет 57 доллардан асты. Қара алтын құнынының күрт көтерілуіне мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен картельге кірмейтін мемлекеттердің мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге келуі себеп болды.
Сенбі, 10 желтоқсан күні Венада ОПЕК-ке мүше емес елдер министрлерінің картельге енбейтін мемлекеттер өкілдерімен кездесуі аяқталды. Отырыс алты сағатқа жалғасып, нәтижесінде мұнай өндірісін шектеу туралы келісімге қол қойылды. Ресей энергетика министрі Александр Новактың хабарлауынша, келісімге ОПЕК-ке кірмейтін 11 мемлекет қосылды. Олар алғашқы жартыжылдықта мұнай өндірісін шамамен тәулігіне 560 мың баррельге дейін азайтатын болады. Айта кетейік, 30 қараша күні ОПЕК құрамындағы мемлекеттер мұнай өндірісін қысқарту туралы келіскен болатын: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ол тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін қысқарады. Сол күні Новак Ресейдің отын өндірісін тәулігіне 300 мың баррельге дейін азайтуға дайын екенін хабарлады.