Жамбыл облысында шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында шетелдік азаматтар мінген автобус жол апатына ұшырады. Салдарынан екі адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 12 мамырда Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылынан алты шақырым жерде Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда келе жатқан трактор тіркемесімен соқтығысқан.
Жүргізушінің көмекшісі мен жолаушы қаза тапты. 48 адам дәрігер көмегіне жүгініп, 16 адам ауруханаға жатқызылған және төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыста автобуста болғандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсету үшін сенім телефоны ашылды. Жедел желі телефондары: 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67.
КТК телеарнасы мәліметінше, автобус Өзбекстаннан Алматыға бағыт алған. Автобуста 53 адам болған. Бәрі Өзбекстан азаматы. Оқиға кезінде автобуста сегіз газ баллоны болған. Абырой болғанда, ешқайсысы жарылмаған.