«Мұғалімнің көзінше көрген»: Дина Смаилова Алматы мектебіндегі тағы бір буллинг туралы айтты (ВИДЕО)

«Мұғалімнің көзінше көрген»: Дина Смаилова Алматы мектебіндегі тағы бір буллинг туралы айтты (ВИДЕО)

«Мұғалімнің көзінше көрген»: Дина Смаилова Алматы мектебіндегі тағы бір буллинг туралы айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Немолчиkz» қорының басшысы Дина Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында Алматыдағы жекеменшік мектептердің біріндегі буллинг туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл - сұмдық жағдай, бұл мектепте арнайы тәртіп жоқ. Оқушылардың және мұғалімдердің жеке құқығы мен шекарасы сақталынбайтыны көрініп тұр. Сондай-ақ мұғалімдерге құрмет жоқ екенін айқын көрсетеді», - деп жазды құқық қорғаушы.
Оның айтуынша, оқушылар сабақ уақытында порнографиялық видеоларды мұғалімнің көзінше көрген. Ал мұғалім оны байқамаған сыңай танытқан.
«Ата-аналар бұл видеоны көрсеткенде, мектеп басшылығы «бұл тәрбиесі қиын балалар» деп жауап берген. Шындығында, бұл - қиын адамдар! Қиын болғаны соншалықты, өз мамандықтарын үйренбей, балаларға сабақ беруге келген!» - деді Смаилова.
Видео авторының сөзінше, бірнеше оқушы, оның ішінде өзінің ұлы да сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған. Видео 2022 жылдың қаңтарында 10-сынып оқушыларының кабинетінде түсірілгені анықталды. Бұл жағдайға қатысты Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс енгізді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша департамент әкімшілік іс жүргізуді қозғады. 26 қаңтарда лицей басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оқушылардың іс-әрекеттеріне баға беру үшін полиция органдарына тексеру жүргізу тапсырылды.