Жаңалықтар

Дариға Шәкімова әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтады

ашық дереккөзі

Дариға Шәкімова әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Дариға Шәкімова әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан отандасымыз әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңілді. Өзбекстандық Навбахор Хамидованмен жұдырықтасқан ол төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді. Айта кетсек, бұл күндері Стамбұлда бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дариға Шәкімова - әлем біріншілігін сәтсіз аяқтаған бесінші қазақстандық спортшы. Әлем чемпионаты 20 мамырға дейін жалғасады.