Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі лауазымынан босатылды

Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі лауазымынан босатылды

Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі лауазымынан босатылды
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы turkystan.kz ҚР министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, Инновациялық Еуразия университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген. 1998 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2009 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2009-2011 жылдары — «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы. 2011-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы, заң бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, заң бөлімінің меңгерушісі. 2019-2020 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2020 жылғы 27 қазаннан бастап ҚР әділет вице-министрі болды. Тағы оқи отырыңыз: Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды