Жаңалықтар

Қостанайда күзетшілер ер адамның басын кесіп, өртеп жіберген

ашық дереккөзі

Қостанайда күзетшілер ер адамның басын кесіп, өртеп жіберген

Қостанай облысында ер адамды өлтіріп, бөлшектеп тастаған қостанайлық екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар алты бас сарымсақ ұрлады деген күдікпен ер адамды өлтірген деп хабарлады turkystan.kz Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап. Осы орайда, «Краснопартизанское» бағбандар қауымдастығы тұтынушылар кооперативінің екі күзетшісі «адам өлтірді» деген күдікке ілінді. Олардың бірі – 35 жастағы Виктор Дьяченко, екіншісі – 36 жастағы Андрей Мартыненко. Айыптау актісіне сәйкес, Дьяченко мен Мартыненко 2021 жылдың 5 қыркүйегінде жұмыс орнында мас  болған. Жер телімі иелерінің бірі алты бас сарымсақ ұрланғаны туралы хабарлаған. Күзетшілер «Краснопартизанскийдегі» жер телімінің иесі Кузов сарымсақ ұрлауы мүмкін деп күдіктенген. Ақырында, олардың арасында жанжал болған. Артынша, күзетшілер ер адамды өлтірген. Қылмысын жасыру үшін Кузовтың денесін бөлшектеп тастаған. Басын арамен кесіп, өртеп жіберген. Ал денесін үйдің ауласына көмген. Екі күннен соң мәйітті қазып алып, Тобылға апарып, қамыстың арасына тастаған.