Депутат желіде өзін сынағандарға жауап берді

Депутат желіде өзін сынағандарға жауап берді

Депутат желіде өзін сынағандарға жауап берді
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды. Желідегілер шенеунікті 18 жыл бойы әкесі негізін қалаған бір университетте жұмыс істегені үшін сынаған деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде Елубаевтың өмірбаяны туралы ақпарат тарады. Әлгі деректерде Мәди Елубаевтың 2003 жылы Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түскендігі, сол жылы-ақ өзі оқитын оқу орнында сабақ бере бастағаны туралы жазылған. Одан бөлек, 18 жыл бойы аталмыш ЖОО-да қалай лауазымы көтерілгендігі туралы ақпарат бар. Бұл деректі көпшілік қызу талқылаған. «Естіген құлақ есебін берер» демекші, осы орайда, Ерубаев өзін сынағандарға жауап берді. Желідегілердің айтуынша, университеттің негізін оның әкесі Сағынтай Елубаев қалаған көрінеді.
«Алғаш жоғары білімді Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде экономика мамандығы бойынша алдым. Бес жыл оқыдым. Мырзахметов атындағы университетте әртүрлі мамандықтарға экономика негіздері бойынша сабақ бердім. Университетке құқықтану мамандығына түстім», – деген Елубаев үш жоғары білімі барын айтып қалды.
Онымен қоймай, профессор екенін жеткізді.
«Шынында, Мырзахметов атындағы университет профессорымын. Бұл барлық университеттегі жалпы тәжірибе. Атақ пен дәрежені шатастырмау маңызды. Кандидаттық, докторлық дәрежені қорғау керек», – деді депутат.
Мәди Елубаев – 2021 жылы AMANAT партиясының атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды.