«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау уақыты белгілі болды

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау уақыты белгілі болды

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау уақыты белгілі болды
ашық дереккөзі
Биыл «Алматы жастары» жобасы аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Әкімнің айтуынша, өтінім қабылдау 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін жалғасады.
«Биыл Алматыда 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Олар – медицина қызметкерлері, оқытушылар, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары», - деді Е. Досаев.
Бұл бағдарлама арқылы үй сатып алу үшін 5%-бен 25 жылға 18 млн теңге несие беріледі. Үй алушы бастапқы салым ретінде  10% сомасын төлеуі қажет. Айта кетейік, 2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге артты.