Дәретхана шұңқырына құлап кеткен бір жарым жасар бала аман қалды
Дәретхана шұңқырына құлап кеткен бір жарым жасар бала аман қалды
Түркістан облысында бір жарым жасар бала тереңдігі төрт метр болатын дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Абырой болғанда, өңірдің құтқарушылары сәбиді дер кезінде құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде болған. Дәретханаға түсіп кеткен баланы өздігінен шығара алмаған тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақырған.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері, Полиция департаментінің 2 қызметкері келген. Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.