Референдум: Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі

Референдум: Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі

Референдум: Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі
ашық дереккөзі
Конституцияға барлығы 56 өзгеріс енгізілгелі отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Референдум нәтижесінде Конституцияның 33 бабы бойынша 56 өзгеріс енгізілмек. Егер оның әрқайсысын жеке сауал ретінде қарастырсақ, әр азаматқа жеке 56 бюллетень керек. Яғни, әр азамат 56 бюллетеньді оқып, бөлек-бөлек дауыс беруіне тура келеді. Бюллетеньде 1 ғана сауал болудың себебі, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бір-бірімен тығыз байланысты және ұқсас. Егер азамат бір өзгеріске қарсы шықса, ол екінші өзгеріске әсерін тигізеді. Ал енгізілмек өзгерістер бір-бірімен ұштасып жатыр», - деді Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, вице-министр қазақстандықтарды референдумға белсенді қатысып, ел тағдыры үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға шақырды.