Жаңалықтар

Ақмола облысының екі тұрғыны зират қоршауын ұрлаған

ашық дереккөзі

Ақмола облысының екі тұрғыны зират қоршауын ұрлаған

Ақмола облысында зираттан қоршау ұрлаған екі адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Осы жылдың 30 сәуірінде Бурабай ауданының полиция бөліміне Златополье ауылының 60 жастағы тұрғыны 26-29 сәуір аралығында православие зиратынан белгісіз адамдар шойын қоршауларды ұрлағаны туралы шағыммен жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемдердің жеке басы анықталды. Олар бұрын сотталмаған Щучинск қаласының 29 және 39 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұрланған заттарды қаскүнемдер металл қабылдау пунктіне тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған адамдардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.