«Қазақстан мен Германия 200 млн доллардың 11 келісімшартын жүзеге асырады» - СІМ

«Қазақстан мен Германия 200 млн доллардың 11 келісімшартын жүзеге асырады» - СІМ

«Қазақстан мен Германия 200 млн доллардың 11 келісімшартын жүзеге асырады» - СІМ
ашық дереккөзі
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстан-Германия бизнес форумның кулуарында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Соңғы екі жылда пандемияға қатысты көп компания Қазақстанға келе алмады. Олардың жаңа жобалары бар. Бүгін біз 11 келісімшартқа қол қойғалы отырмыз. Ол 200 млн доллар инвестиция әкеледі. Медицина, көлік-логистика, жасыл экономика саласындағы жобалар жүзеге асырылады. Былтыр пандемияға қарамастан неміс тарапынан бізге келген инвестиция көлемі 25 пайызға артып, 350 млн долларды құрады», - деді ол.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд долларды құрады.
«Бизнес форумға неміс тарапынан 70-тен астам компания келді. Жалпы, Қазақстанда 620 компания неміс капиталымен жұмыс істеп тұр. Қаңтар оқиғасына қарамастан біз неміс бизнесінің Қазақстанда жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауымыз керек», - деді ол.
СІМ басшысы орынбасарының мәліметінше, неміс компанияларына неғұрлым ірі нарық керек.
«Біз логистиканы дамытып жатырмыз. Неміс тарапына Еуразия мен Еуропаның нарығы керек. Бұрын Қытайдан біз арқылы 45-60 күнді алатын. Қазір Қытайдан Германияға дейін контейнерлерді 12-15 күнде жеткізе аламыз. Неміс тарапы бұл мүмкіндікке қызығушылық танытып отыр», – деді  Алмас Айдаров.