Президенттің жеке фотографтары таныстырылды

Президенттің жеке фотографтары таныстырылды

Президенттің жеке фотографтары таныстырылды
ашық дереккөзі
БОРТ N1 телеграм арнасы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі оқырмандардан түсіп жатқан сауалдарға байланысты фотолар мен видеоларды әзірлейтін, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін кәсіби мамандарын таныстырды деп хабарлады turkystan.kz. Аманқұл Дүйсенбаев Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді Ғани Өмірбеков Тағы бір жеке фотограф, ол - 1987 жылы туған. Ғанидың ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды. Ғабиден Құрышбеков Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған – Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ.