Украинада бензин тапшылығы байқала бастады

Украинада бензин тапшылығы байқала бастады

Украинада бензин тапшылығы байқала бастады
ашық дереккөзі
Киевтегі жанармай құю бекеттерінде жанармай жеткізудегі үзіліс салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. Ұзақ кезекке тұрып қалғандарға тек қана 10 литр бензин сатып алуға болады.
«Соңғы күндері кейбір жанар-жағармай құю бекеттері арнайы рұқсатпен бензин сата алса, кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин сатылмайды. Тек әскери және кәсіпкерлік құрылымдарда қызмет ететіндерге ғана арнайы рұқсат берілген», -  делінген жергілікті БАҚ хабарламасында.
Елдегі бензин мәселесі тағы бірнеше аптаға созылады деп күтілуде. Айта кетсек, 7 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский үкімет отырысын өткізіп, күн тәртібіндегі бензин мәселесіне қатысты: «Үкімет мүшелерінің басты міндеті – мұнай өнімдерін еуропалық порттардан біздің тұтынушыларға тасымалдауды жеделдету», - деген еді.