Скляр герман тарапына өтініш білдірді

Скляр герман тарапына өтініш білдірді

Скляр герман тарапына өтініш білдірді
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр неміс тарапына елімізде дуалды білім енгізуге жәрдемдесуге өтініш білдірді. Бұл туралы ол Қазақстан-Германия бизнес форумында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің еліміздің Еуропаға жүк жеткізудегі транзиттік Ел ретіндегі маңызы артып келеді. Үкімет қызметінің маңызды бағытының бірі - Қазақстан экономикасының түрлі секторы үшін маман даярлау. Қазіргі кезде экономикалық көрсеткіштердің ұзақмерзімді өсуі үшін жоғары кәсіби мамандар қажет. Қазір колледждерде білім беру процесін ұйымдастыру мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралып жатыр. Дуалды оқытуды дамыту колледждердің өндірісімен барынша ықпалдасу негізінде жүзеге асырылады», – деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, бұл тұрғыда прогрессивтік неміс тәжірибесі ерекше маңызға ие.
«Осыған байланысты герман тарапына біздің республикада техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға және дуалды білім беруді енгізу жөнінде жәрдем көрсету жөнінде өтініш білдіргім  келеді. Логистикалық жеткізілім тізбегінің бұзылуы мен әлемде азық-түлік бағасының өсуі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі екі есе артып отыр», – деді Скляр.