Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

ашық дереккөзі

Қазақстандық оқушылар Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарлама жасаудан 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарлама жасаушылардан құралған "Алматы + Астана, КТЛ #1" командасы 200-ден аса бәсекелесінен озып шықты. Турнирдің кестесіне сәйкес, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мадибек берілген 11 тапсырманың тоғызын шеше алды. Осылайша қазақстандық мектеп оқушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2-орынды "Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома" (Мәскеу) командасы иеленсе, 3-орынды "Бағдарлама жасаушылар мектебі #1" (Мытищи) алды. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы білім-инновация лицейінің оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енген болатын.Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасаған еді.