Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда Audi Q7 маркалы автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Бектұров көшесімен солға бұрылып, Торайғыров көшесінен өтіп бара жатқан 64 жастағы жаяу жүргіншіні (бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде) қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», - дейді департамент өкілі.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам №1 қалалық ауруханаға бас миының шайқалуы, іш және жамбас жарақаты диагнозымен жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.  Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, газонға шығып кеткен. Өзі аман.